20
сентябрь
2023
АЙТЫС – ҚАЗАҚ ӨНЕРІНІҢ АЛТЫН ДІҢГЕГІ
Айтыс – сан ғасырдан бері сақталып келе жатқан бабамыздың мұрасы, халқымыздың қазынасы. Бүгінде жастар арасында ұмытылып бара жатқан төл өнерімізді жастар арасында насихаттау мақсатында 6-сынып оқушыларымен бірге “Айтыс – қазақ өнерінің алтын діңгегі” тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Ортаға сұрақ тасталып, оқушылар жауап берді, айтыс көріп, өздері де ой бөлісті және күй тыңдап, құлақ құрыштарын қандырып, төл өнердің тарихымен сусындады.