ҚАРА ӨЛЕҢНІҢ ПАТШАСЫ МҰҚАҒАЛИ! » 175 гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«Жаңа Ғасыр» №175 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 239 17 48
Есепші бөлімі:
+7(727) 239 18 87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҚАРА ӨЛЕҢНІҢ ПАТШАСЫ МҰҚАҒАЛИ!
08
февраль
2023

ҚАРА ӨЛЕҢНІҢ ПАТШАСЫ МҰҚАҒАЛИ!

ҚАРА ӨЛЕҢНІҢ ПАТШАСЫ МҰҚАҒАЛИ!

“Жаңа Ғасыр” 175 гимназиясында 7 ақпан күні
“Шешендік өнер” үйірмесіне қатысушы-дарынды оқушылардың арасында қазақтың ұлы ақыны Мұқағали Мақатаевтың 92 жылдығына орай ұйымдастырылған “Жырлайды жүрек” атты көркем сөз сайысы және әдеби-музыкалық кеш өтті.
Сайыстың талабы: үйірменің әр қатысушысы кем дегенде 10 өлеңді жатқа білуі керек және сол жаттаған өлеңдерін әділқазылар алқасының нұсқауы бойынша ары қарай іліп әкетіп,мүдірмей жалғастыруы керек болды.
Сайысқа қатысушы жас дарындар бұл байқауға үлкен дайындықпен келгенін паш етті.
Мәңгі ғұмыр,жырымен мың жасайтын Мұқағали сынды дарынның асыл мұрасын дәріптей білетін жас көркем сөз шеберлері тек өлеңдерді жатқа айтып қана қоймай,байқауды бір жағынан әдеби-музыкалық кешке де әдемі айналдыра білді.
Ақынның өлеңіне жазылған бірнеше әнді музыкант Гүлзаман Уапқызының баян аспабында сүйемелдеуімен орындады. Кешті үйірме жетекшісі бастауыш сынып мұғалімі Смакова Асем Нуракынкызы жүргізді.
Кеш соңында қатысушылар ата-аналар демеушілігімен жүлделі орындармен және ақшалай сыйлықпен марапатталды.
Бас жүлде және 5000 теңгелік сертификатты айқын басымдылықпен ақынның 22 өлеңін жатқа оқыған 
3 “А” сынып оқушысы Айт Нұрайым жеңіп алды.
1 орын және сертификаттарды аса талантты
3 “Ә” сынып оқушысы Алмасбек Шәкәрім мен
4 “Ғ” сынып оқушысы Құрманғазы Әділет иеленді.
Кеш соңында гимназия директорының оқу -ісі жөніндегі орынбасары Жатақбаева Айнұр Каримовна ақ тілегін білдіріп, болашақтарынан зор үміт күттіретін жас дарын иелері екенін мақтанышпен айтты.

​​​

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: