"Қашықтықтан оқу барысында өрт шығу қауіптерінің алдын алу жұмыстары" » 175 гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«Жаңа Ғасыр» №175 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 239 17 48
Есепші бөлімі:
+7(727) 239 18 87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Қашықтықтан оқу барысында өрт шығу қауіптерінің алдын алу жұмыстары"
30
апрель
2020

"Қашықтықтан оқу барысында өрт шығу қауіптерінің алдын алу жұмыстары"

"Қашықтықтан оқу барысында өрт шығу қауіптерінің алдын алу жұмыстары"

Әлемді дүр сілкіндірген «COVID-19» пандемиясының жаппай таралуына байланысты елімізде төтенше жағдай жарияланып, барлық жұмыс орындары қашықтықтан жұмыс жүргізуге ауысты. Соның ішінде білім беру мекемелері де бар. «Білімді ұрпақ – ел болашағы» демекші, білім алушылар үздіксіз білім алуы үшін мемлекеттің қолдауымен ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан барлық жағдай жасалып отыр.

Олай болса, өскелең жас ұрпақты болшақ еліміздің тұтқасы етіп тәрбиелеу – әр педагогтың, оқытушының, қоғамның міндеті. Осы міндеттерді атқару баршамыздың азаматтық парызымыз болмақ. Осы жауапкершілікті сезіне отырып, жаңа заманның салмақты жүгін жұмыла, бірлесе көтерген жүктің жеңіл болатыны сияқты үштік одақ мектеп, ата-ана (отбасы) және білім алушы негізінде  бірлескен жұмысының нәтижесі көрсететін болады.

Білім мен тәрбие егіз демекші, Алматы қаласы Әуезов ауданы «Жаңа Ғасыр» №175 гимназиясының білікті педагогтары  білім алушыларға білім берумен қатар, азаматтық қорғаныс, өрт шығу қауіптерінің алдын алу, жол қауіпсіздік ережелерін де әрқашан жадында ұстап жүруге ықпал етіп отырады. 

Өрт қауіпсіздігі ережелерін оқыту жалпы білім беру процесімен тығыз байланыста, сабақта да, сабақтан тыс және мектептен тыс іс-шараларда да ескерілуі, әсіресе қазіргі қашықтықтан білім беру негізінде оқушыларымыздың ақпараттық технологияларды (ноутбук, компьютер құрылғылары, смартфондар, гаджеттер) үздіксіз пайдалану барысында маңызды рөл атқарады. Өрт қауіпсіздігінің талаптарын сақтау бойынша берік дағдылар ұзақ және жүйелі түсіндіру жұмысы арқылы қалыптасады.  Өрт тақырыбындағы сабақтар білім алушылрдың қоғамдық меншік қауіпсіздігі үшін жауапкершілік сезімін тудыруы, отты, электр аспаптарын, тұрмыстық химия және т.б. құралдарды пайдалану кезінде оларға мұқият болуын үйретіп отырады.Осы орайда гимназиямызда өртке қарсы түсіндіру жұмыстары білім алушылар және ата-аналарымен әңгімелесуді,  өрт қаупі туралы  сурет конкурстарын, тақырып аясындағы шығармалар жинақтарын қамтыды. Өрт – бұл адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін процесс.  Өрт оқиғалары негізінен тұрғын үй секторларында көп  туындап отырады. Яғни, өрт басқа орындарға қарағанда азаматтардың үйлерінде жиі орын алады. Оның себептері де әр түрлі. Оның ішінде басты 4 себепті айтуға болады: 1. Отты абайсыз қолдану; 2. Пештің ақаулығы; 3. Электр желілері мен құралдарын пайдалануда өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау; 4. Балаларды қараусыз қалдыру болып табылады.

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі мақсаты – білім алушылар мен ата-аналарының өмірі мен денсаулығын сақтау, жанудың алғышарттарын және өрттің пайда болуын болдырмау. Ұстаз қолында адам тағдыры, болашақ ел тағдыры тұрады. Сол себепті заман талабына сай шығармашылықпен жаңашылдықпен  сан қилы тәрбие жұмыстарын жүргізу - мұғалімнің басты міндеті екенін ұмытпауымыз керек.

«Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру – бүгінгі күннің басты талабы. 


Бірімқұлова С.С.

«Жаңа Ғасыр»№175 гимназияның 

оқу ісі меңгерушісінің міндетін атқарушы 



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: