"Адал ұрпақ" ұйымы » 175 гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«Жаңа Ғасыр» №175 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 239 17 48
Есепші бөлімі:
+7(727) 239 18 87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Адал ұрпақ" ұйымы
06
ноябрь
2019

"Адал ұрпақ" ұйымы

Ұрпағы адал ата-ананың мерейі де басқаларына қарағанда үстем болмақ. Себебі,адал ұрпақ – ел қазынасы.
Осыған орай, 6 қараша күні №175 Гимназияда Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің №10 қаулысына сәйкес бүкіл сыныптарда "Адалдық сағаты" өткізілді.
Шара негізінде оқушылар сынып жетекшілерімен бірлесе отырып, бірі – адал ұрпақтың сөздік портретін жасаса, бірі – адалдық сөзінің мағынасын ашуға тырысты. Аталған шараның негізгі мақсаты: өскелең ұрпақтың бойына адалдық, шыншылдық секілді рухани қасиеттерді сіңіре білу.
Естеріңізге сала кетейік, біздің Гимназиямызда осы мақсатта құрылған мектепішілік "Адал ұрпақ" ұйымы жұмыс жасайды.
Ал, сіздіңше адалдық деген не? Өз ойыңызбен бөлісе отырыңыз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: