Құрметті, әжелер, аналар, арулар! » 175 гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«Жаңа Ғасыр» №175 гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 239 17 48
Есепші бөлімі:
+7(727) 239 18 87
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Құрметті, әжелер, аналар, арулар!
07
март
2020

Құрметті, әжелер, аналар, арулар!

Құрметті, әжелер, аналар, арулар!
Баршаңызды көктеммен бірге келіп жеткен нәзік жандылардың мерекесі 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз!
Бақыт дейтін ерке құс бақшаларыңыздан кетпесін. Әрқайсыларыңыздың дендеріңізге саулық, жұмыстарыңызға табыс, отбасыларыңызға құт-береке тілейміз!
Тіршіліктің бастауы да, мәні де әйел. Отбасының ұйытқысы да, жүрегі де әйел. Сондықтан сіздерге айтар тілегіміз, күлкілеріңізбен әлемге шуақ, жанға қуат беріп, мәңгілік өмір дейтін бесіктің бақыт атты әлдиімен тербеліп жүре беріңіздер!
Шын жүректен: №175 Гимназияның ер жігіттері❤️❤️❤️
#8наурыз
#175жастары
#175gymnasium
#мектепөмірі

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: