АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ!
АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ! Әр алғыста бата бар, Қабыл болсын баталар. “Алтын алма, алғыс ал!”, Өсиет еткен аталар. Ризығын шашқан адамға, Тыныштық берген заманға. Аллаға болсын мың алғыс, Рақымын төккен ғаламға. Тарихы дастан, жыр еді, Отан деп соққан жүрегі. Халқымызға бір алғыс, Қабыл болған тілегі. Даналыққа бойлаған, Болмысын текті жоймаған. Бабаларға бір алғыс, Ұрпақтың қамын ойлаған. Батасында бақ тұрған, Немересін (шөбересін) шат қылған. Ата-әжеге бір алғыс, Ырысын әулет арттырған. Әке-шешең